Музыкалық шығармалар автоматты түрде ойнайды

Музыкалық шығармалар автоматты түрде ойнайды
gov.kz

Академик Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің радиофизика және электроника кафедрасының қауымдастырылған профессоры – Дмитрий Афанасьев 2023 жылдың қорытындысы бойынша жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атанды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Оның ғылыми-педагогикалық қызметі электрониканы, заманауи аппараттық және бағдарламалық қамтылымды қолданбалы пайдаланумен, сондай-ақ ғылыми жобаларды жүзеге асырумен байланысты.

Бір оқу-әдістемелік құралы және Web of Science және Scopus деректер базасына енгізілген ғылыми журналдарда 20-дан астам жарияланымдары бар. Соңғы үш жылдағы ғылыми қызметінің нәтижелеріне сүйене отырып, ол монография жазуды жоспарлап отыр.

«2023 жылы Қарағанды Бөкетов университеті қаржыландырған «Дыбыстық ақпаратты жаңғыртуға арналған микроконтроллерлік құрылғылар» жобасы аясында біз факультет студенттерімен бірлесе отырып, 23 микроконтроллер құрылғысын шығардық. Біздің жағдайда бұл музыкалық шығармалар», - дейді Дмитрий Афанасьев.

Бұл құрылғылар университеттің музыкалық аллеясында орналасқан орындықтарға орнатылды. Адам бір жарым метр қашықтықта болған кезде датчик автоматты түрде іске қосылады.

Оның айтуынша, факультеттегі ғылыми-зерттеу зертханасының арқасында студенттер құрылғыны құрастырып қана қоймай, оны жасап, сынақтан өткізуге мүмкіндік алды.

«Мен біздің кафедраның дамып келе жатқанына өте қуаныштымын. Тәжірибелі және жас қызметкерлерге ризамын. Биылғы жылы әріптестеріммен бірге «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпазы атанғанымызға да қуаныштымын. Бұл үлкен жетістік», - деп қорытындылады Дмитрий Афанасьев.