Метрополитеннiң екiншi кезеңi басталып кеттi

Берiк СӘДУАҚАС

Метрополитен құрылысының бiрiншi кезеңi кестеге сәйкес аяқталуға жақын. Үстiмiздегi жылдың шiлде айынан метро көлiктерi сынақ жұмыстарын бастап кетедi. Қазiргi таңда жерасты тоннельдерiнiң жоғарғы қабаттағы құрылыстары мен жүрдек көлiк жүретiн рельс жолдарын монтаждау шаралары мәресiне жеттi.

Сонымен қатар, метрополитеннiң екiншi кезеңiнiң құрылысы да қолға алынуда. Бүгiнгi күнi құрылысшылар тоннельдi бұрғылау жұмыстарына кiрiсiп те кеткен. Техникалық-экономикалық негiзге сүйене отырып, екiншi желiнiң құрылысын үш кезеңде iске асыру жоспарланған. Бiрiншi желi тiзгiн тартатын Абай даңғылы мен Гагарин даңғылындағы «Алатау» стансасынан «Қалқаман-3» ықшамауданына дейiнгi қашықтық 8,56 шақырымды құрайды және бұл аралықта 5 станса бекеттерi көзделген. Сондай-ақ, «Райымбек батыр» стансасынан Алматы-1 темiр жол бекетiне дейiн жететiн екiншi кезеңдегi метро желiсiнiң қашықтығы 8,76 шақырым. Екi аралықта 6 станса бекеттерi жұмыс iстейтiн болады. Нәтижесiнде, метрополитен желiсiнiң жалпы ұзындығы 25 шақырымды құрап, 18 стансада жүрдек нойыздар жүйткитiн болады.

Айта кету керек, құрылыс жұмыстарын жүргiзгенде Алматының сейсмикалық жағдайы, географиялық ерекшелiктерi және таулы геологиялық айырмашылықтары қатаң назарға алынған. Метрополитен құрылысын ұзақ жылдардан қолға алып келе жатқан «Алматыметроқұрылыс» компаниясы. Бұл құрылыс мекемесi БАМ-да, Мәскеу, Новосiбiр және Тәшкент қалаларындағы метрополитен құрылыстарына қатысқан және компанияда тәжiрибелi мамандар шоғырланған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *