Менің Елім – Менің Туым...

Менің Елім – Менің Туым...
zakon.kz
Республика күні қарсаңында белсенділер ел аумағы бойынша 5 мыңнан астам Ту ілуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Zakon.kz сілтеме жасап.

Акцияға жастар қанатының белсенділері ғана емес, қазақстандықтар да қатысып жатыр. Олар Туды үйіне, қоғамдық орындарға, көлігіне іліп жатыр.

Кәсіпкерлер де шет қалмай, Мемлекеттік Туды дүкендеріне, мейрамханаларына, цехтары мен шаруа қожалықтарына орнатып қойған. Мәселен, аталған акцияға Астана тұрғыны Қазым Сәрсенбай да қосылды.

"Волонтерлерді қуана-қуана үйіме кіргізіп, балконға Ту іліп қоюға рұқсат бердім. Өз Отаныма деген сүйіспеншілігім мен мақтанышымды осылай білдіремін. Осы арқылы біз бірлігіміз мен ортақ тарихымызда әрқайсымыздың   маңызды екенімізді көрсетеміз", - деді ол.

"Менің Елім – Менің Туым" акциясына "Жастар Рухының" 500-ден астам белсендісі қатысып жатыр. Олар Еліміздің барлық өңірінде 5 мың Ту ілуді жоспарлап отыр.