Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл: Алматыда әскери оркестрлер байқауы өтті

Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл: Алматыда әскери оркестрлер байқауы өтті

«Әскери керней» байқауы Нұр-Сұлтан қаласында жалғасын табады

Алматыда Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толуына орай әскери оркестрлер байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Сайысқа Ұлттық ұланның Алматы, Қаракемер, Тараз, Шымкент өңірлерінен келген әскери үрмелі аспаптар оркестрі қатысып, бақ сынасты. Олар Панфилов көшесі бойымен жүріп өтіп, қала тұрғындарын өз өнерімен тәнті етті.  Айта кетейік, Алматыда бастау алған «Әскери керней» байқауы Нұр-Сұлтан қаласында жалғасын табады.

«Бүгін Алматы қаласында өтті. Әскери бөлімде ғана аталып өтпесін деп біздің және Ұлттық ұланның қолбасшылығы осындай шешім қабылдады. Міне көшеге шығып, Алматы қаласының қонақтары мен тұрғындарына  өнерімізді көрсеттік», – деді 6654 әскери бөлімінің әскери оркестрінің дирижеры Сергей Гафаров.