BRT, LRT және метро...

BRT, LRT және метро...
Сурет: ашық дереккөз

Мемлекет басшысына орнықты көлік базасын қалыптастыру жөнінде жүйелі шешім қабылданғаны туралы мәлімет берілді. Оның негізін жылдам жүретін қоғамдық көліктер құрайды.

Жаңа BRT, LRT және метро желілерін ашу заманауи мегаполистің талаптарына сай келетін қалалық ұтқырлықтың тиімді моделіне көшуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Осы орайда «Қалқаман» жаңа метро станциясын ашып, метрополитеннің «Барлық» базарына дейінгі үшінші кезегін салу жұмыстарын бастау керек. Сондай-ақ метроны солтүстік және шығыс бағыттарда дамыту жобаларын жүзеге асыруға кірісу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Төле би көшесімен өтетін және Алматының батысы мен шығысын жалғайтын LRT-нің (26 км) бірінші желісін іске қосу көзделген.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың көлік жүйесін дамыту жөніндегі жобаларды қолдайтынын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл жобалардың іске асырылуы Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыруға септігін тигізіп, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы тиісті құжаттарды тез арада дайындап, жобаларды жүзеге асыруға кірісу керек екенін айтты.