Мемлекет басшысы сенім грамоталарын қабылдады

Мемлекет басшысы сенім грамоталарын қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Ақордаға бүгін үш бірдей мемлекеттің елшілері келді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының, Сьерра-Леоне Республикасының және Молдованың жаңадан тағайындалған дипломаттарынан сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған бейбіт әрі ашық сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті. Шара соңында Президент дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына сәлемін жолдады.