Мемлекет басшысы Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Ақорда кz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Оман Сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz .  

– Бүгінде Оман – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруін тілеймін, –  делінген құттықтау жеделхатта.

  Президент Оман Сұлтанының аса жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі.