Матч кезінде «Астана Арена» стадионының төбесі құлады

Матч кезінде «Астана Арена» стадионының төбесі құлады
Cурет: vesti.kz

Оқыс жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ

Футболдан 2022 жылғы Қазақстан чемпионатының бірінші турындағы  "Астана" мен "Шахтер" кездесуінің екінші таймында стадион шатырының бір бөлігі құлап түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Rýhy  сайтына  сілтеме жасап.

Vesti.kz сайтының мәліметінше, жанкүйерлердің ешқайсысы зардап шекпеген. Қауіпсіздік қызметі барлық жанкүйерлерді шатыр сынықтары құлаған N2 секторынан алып шықты.

"Астана Арена" – еліміздегі ең үлкен стадион.  Стадионда Қазақстан құрамасының матчтары мен қазақстандық командалардың еуропалық жарыстардағы кездесулері тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Құрылыс құны шамамен 200 миллион долларды құрайды.