Мақсат — Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына ену

Мақсат — Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына ену
Almaty-akshamy.kz

2000-нан астам оқушы тоғызқұмалақ ойыны бойынша гиннес рекордын орнатады

Биылғы жылдың 9 қыркүйегінде Тоғызқұмалақ күніне орай Алматы қаласында тоғызқұмалақтан сайыс өтеді. Оған 2000-нан астам жоғары сынып оқушылары қатысады. Олардың мақсаты — Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына ену.
Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі. Сондай-ақ 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұралары тізіміне енгізілген.
Айта кетейік, аталмыш шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақта сағат 10:00-де өтеді. 
Сонымен қатар 2023 жылдың 21-24 қыркүйегі аралығында Алматы қаласындағы ADD үстел теннисі орталығында рапид және блиц бойынша оқушылар арасында (U-15, U-17) тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Турнирге әлемнің 20 елінен 150-ден астам ойыншы қатысады.