Қазақстан Финляндиядан жеңіліп қалды

Қазақстан Финляндиядан жеңіліп қалды
almaty-akshamy.kz

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында «Астана Аренада» Қазақстан мен Финляндия құрамалары арасында  футбол матчы өтті.

H тобының көшбасшылары арасындағы жекпе-жек 1:0 есебімен Финляндия құрамасының пайдасына шешілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Бұл ойынға халық көп жиналды, билеттер алдын ала сатылып кеткен.

Кездесудің 6-минутында-ақ Бахтиёр Зайнутдинов алаң иелерінің пайдасына есеп ашуы мүмкін еді, алайда оның соққысы қақпадан асып кетті. Одан кейін Финляндия құрамасының үздік шабуылшысы Теему Пуки қақпамызға екі рет қауіпті соққы жасады. Сирек кездесетін қарымта шабуылдармен жауап берген командалар есеп ашпай үзіліске шықты.  

Екінші таймда 78-минутта Оливер Антман қазақстан командасының қорғанысының осал тұсын тауып, есеп ашты. Бұл осы ойындағы Финляндияға жеңіс әкелген жалғыз гол болып  Н тобындағы көшбасшыны айқындап берді. Қазір Финляндия құрамасында 12 ұпай бар, Магомед Адиевтің шәкірттері 9 ұпаймен 2-орында.

Қазақстан келесі кездесуін 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландиямен өткізеді.