Мәдинаның мерейі биік

Мәдинаның мерейі биік
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы Мәдина Нұрашева Польшада өткен Silesian Open-2023 турнирінің жеңімпазы болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

70 келіге дейінгі салмақ санатындағы М.Нұрашева ақтық кездесуде польшалық Патрисия Гживиньскамен жұдырықтасты. Жекпе-жек қазақстандық боксшының жеңісімен мерзімінен бұрын аяқталды: бірінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберді, ал екінші раундта рефери П.Гживиньсканың жағдайын ескеріп, айқасты тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша Мәдина Нұрашева Silesian Open-2023 турнирінің алтын медалін жеңіп алды. Айта кетейік, әуесқой бокста ол 2017 жылы Азия чемпионы болған еді.