Ата-аналарын «Алматы ақшамына» жаздырып қуантсын

Мәдениет КӘРКЕНОВ, Наурызбай ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
Ата-аналарын «Алматы ақшамына» жаздырып қуантсын
«Алматы ақшамы» газетін Наурызбай ауданы құрылғалы бері алып оқи бастадық. Аудан құрылған алғашқы жылы газеттің бас редакторы, қалалық мәслихат депутаты Қали Сәрсенбай ақсақалдармен кездесіп, «биыл аудан жаңадан құрылып жатқандықтан, сіздерге көрсеткен рухани қолдауымыз болсын» деп ақсақалдар алқасының мүшелерін бір жылға тегін жаздыртып берген болатын. Содан бері бұл басылым тек біздің ғана емес, ауданымыздың да рухани демеушісі болып келеді. Қазір пошташы қыздарымыз газет тасымалдауды жарты күнге кешіктірсе, алыстағы ағайындарымыз кешігіп жатқандай, алаңдап отыратын болдық. Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген мақал бар ғой, сол мақалдың мақамымен айтсақ, «Алматы ақшамы» қазіргі кезде шын мәніндегі мың жасаған шаһарымыздың шамшырағына айналып отыр. Басылым тек қаланың жаңалықтарымен ғана шектелмей, елдік мәселелерді де өткір көтеріп, қаламыздың мәдени, рухани өмірінен де толық хабардар етіп отырады. Жаңа құрылған ауданымызға арнайы тілші бөлініп, ауданның тіршілігінен қала жұртын хабардар етіп отырады. Газет басшылығының осы қолдауына ризашылығымыз ретінде Наурызбай аудандық ақсақалдар алқасының 34 бастауыш ұйымдарының ұйымдастыруымен зейнетақымыздан 100 «Алматы ақшамы» газетін жаздырып алуға уәде бердік. Барлық аудандардағы ақсақалдар алқасын «Алматы» ақшамы» газетіне жазылуға шақырамыз. Құдайға шүкір, зейнетақымызды ай сайын алып отырмыз, ұл-қыздарымыз бар дегендей, олар ата-аналарына сыйлық жасап, 4340,40 теңгеге ата-аналарын «Алматы ақшамына» жаздырып қуантсын. Туған күндеріне, той-томалағына әкелетін сыйлықтарының орнына «Алматы ақшамын» жаздырып берсе, ата-аналары қуана қолдайды. Есесіне, бір жыл бойына «Ақшамды» оқып, рухани байып қаламыз. Мен бұл басылымды мектеп мұғалімдерінің, мемлекеттік қызметкерлердің, әкімдік қызметкерлерінің жаздырып алғанын қалар едім. «Ақшамға» бір бауыр басып алсаңыз, одан қол үзгіңіз келмесі анық. Алматыны шын жақсы көретін қала тұрғындарын «Ақшам» оқырмандарының қатарында болуға шақырамыз.