Әлеуметке қамқорлық

Бостандық ауданы бойынша халық саны – 349 670 адам. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жалпы саны – 100 700-ге жуық.

Халықтың осал топтарымен жұмыстар үнемі жалғасуда. Былтыр пандемия басталғанда карантин кезінде әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға жергілікті бюджет есебінен және демеушілер көмегімен азық-түлік себеттері ұсынылды. Сын шақта әлеуметті демей білген кәсіпкер азаматтар 8500-ке жуық адамға қол ұшын созған. Сондай-ақ, ауданда карантин кезінде демеушілермен бірге, «Жаңа Алатау», «Халық» қоғамдық қорлары есебінен 2 336 отбасына азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсетілген. 234 көпбалалы отбасыға қап-қап ұн, көкөністер берілген. 6 439 адамға жеке қорғаныс құралдары (антисептиктер, бетперделер, бактерияға қарсы сабындар) таратылған. Ыстық тамақпен 179 адам қамтылған.
Төтенше жағдай кезінде жергілікті бюджеттен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін азық-түлікке 2 АЕК мөлшерінде ақшалай өтем беріліп, 17 4429 адам қамтылған. Оның ішінде АӘК алушылар – 225 отбасы (683 адам); 1, 2, 3-топтағы мүгедектер (зейнеткерлер) – 5 688 адам; 1, 2, 3 топтағы мүгедектер (зейнеткерлік жасқа толмағандар) – 11 058 адам.

Нұржамал ӘЛІШЕВА

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *