«Ленин»-мен қоштасу

«Ленин»-мен қоштасу
Сурет: Agroqogam.kz

Павлодар облысындағы Ленин кентінің атауы қазақшаланбақ.

Барлық құжат облыстық ономастикалық комиссия қарауына ұсынылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Нұрғамисованың айтуынша, Павлодар облысындағы Ленин кентінің атауы Атамекен болып өзгеруі мүмкін, деп жазды Pavlodarnews.kz

«Түскен өтініштердің негізінде жалпы 4 атау қаралды: Атамекен, Бидайық, Жетінші ауыл, Қазанғап би. Нәтижесінде жергілікті қоғамдастықтың 49 мүшесі Қазанғап би және Атамекен деген екі атаудың ішінен дауыс беру арқылы Ленин кентін Атамекен кенті деп қайта атауды қолдады. 41 адам қалыс қалды», – деді Айгүл Нұрғамисова.