Лаура жарыс қожайынына жол берді

Лаура жарыс қожайынына жол берді
kazsports.kz

Лаура Әліқұл Ханчжоудағы ойындарда күміс жүлдеге қол жеткізді

Лаура Әліқұл Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

WKF каратэнің кумите бағдарламасында 68 келіге дейінгі салмақтың финалында Лаура жарыс қожайыны, Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері Цяоцяо Лиге жол берді. Есеп: 0-4.

Ұлттық құрама спортшысы жартылай финалда 2 дүркін Азия чемпионы атанған Индонезия атлеті Сейко Джорджия Зефаньяны 5-1 есебімен ұтқан. Оның алдында 68 келіде бақ сынайтын қазақстандық тағы бір 2 дүркін Азия чемпионы Хуонг Зи Динхты (Въетнам) 7-4 есебімен жеңген.