Латвияда локдаун енгізіледі

Латвияда локдаун енгізіледі
eadaily.com

Латвияда қазанның 21-інен қарашаның 15-іне дейін локдаун енгізіледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Биліктің бұл шешіміне аймақтағы эпидахуал себеп. Жаңа ережеге сай, кешкі сағат 20:00-ден таңғы 5-ке дейін коменданттық сағат жарияланып, оқушылардың демалысы бір аптаға ұзартылады. Сонымен қатар өндіріс орындарында істейтін қызметкерлерге ғана жұмысқа келуге рұқсат берілді. Барлық спорттық, мәдени іс шаралар кейінге қалдырылды.

Латвия Премьер-Министрінің айтуынша, елде әлі күнге дейін екпе қабылдамаған азаматтардың қарасы қалың. Салдарынан жаңа тіркелген науқастардың саны күн өткен сайын артуда. Айта кетейік, Латвияда соңғы тәулікте 1253 адам вирус жұқтырған.