Көз жұмып жатқандардың көбі  әлі вакцина алмағандар

Көз жұмып жатқандардың көбі  әлі вакцина алмағандар
kaz.holanews.kz

Covid-19: Ресейде кісі өлімі бойынша антирекорд тіркелді

Ресейде кейінгі тәулікте коронавирустан 857 адам көз жұмды. Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең үлкен көрсеткіш, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Өңірлердің жартысында вирус жұқтырғандар саны артып барады. Мамандар эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына бірнеше себеп бар дейді.

Біріншіден, бұл тез тарайтын "дельта" штамымен байланысты. Қазір науқастардың 90 пайызынан осы мутация анықталып жатыр.

Екіншіден, көз жұмып жатқандардың көбі әлі вакцина алмағандар көрінеді.

Мамандар қазір респираторлық аурулардың қозатын кезі дейді. Оның үстіне жұрт демалыстан оралып, сабақ басталуы да індеттің өршуіне әсер еткен. Енді кей өңірлер шектеу шараларын күшейтіп жатыр.