Құрылыс салушы әкімдікпен не салғысы келетінін мұқият келісуі керек

Құрылыс салушы әкімдікпен не салғысы келетінін мұқият келісуі керек
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
  • Урбанист: «Алматының жаңа ЕТЖ-да өмір сүруге қажетті барлық жағдайы бар орамдық құрылыс қарастырылған»
  • Сарапшы: «Орамдық құрылыс – бұл тұрғын үй кешендері тығыз салынған қала емес, бұл көшелер «торы»
  • Бекітілген жаңа Бас жоспар аясында Алматының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының (ЕТЖ) ерекшелігі, оның орамдық құрылысқа мән беруінде, деп санайды урбанист Святослав Мурунов.

«Алматының полиорталықтарындағы жаңа құрылыс қаланың тарихи жоспарына сәйкес жүргізіледі. Орамдық құрылыс – бұл тұрғын үй кешендері тығыз салынған қала емес, бұл көшелер «торы». Бұл жоспар Барселонаның Эшампле жобасындағы 133-те 133 метрлік қағидасына ұқсас 150-де 240 метрге дейінгі көше торын қамтиды. Барселона жобасының ерекшелігі, ауа алмасу үшін қала кеңістігін оңтайландыруға деген талпыныс қана емес, сонымен қатар «барлығына арналған қала» үшін жағдай жасаудан тұратын кеңістіктегі әлеуметтану идеясын жүзеге асыруда. Бұл тұжырымдама қоғамдық игіліктер мен кеңістіктерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, әрбір тұрғын үшін әлеуметтік теңдік пен қалалық ортаға қолжетімділігінің маңыздылығын көрсетеді», - деді Святослав Мурунов. 

Ол ЕТЖ қаланың дамуын толықтай өзгертуге мүмкіндік беретінін атады. Бұрын тұрғын үйлер мен бизнес орталықтарға баса назар аударылатын, себебі адам қалада қалай өмір сүргісі келетіні туралы түсінік болған. 

«Қала тұрғынының сауалнамасы олардың негізінен қаланың өмір сүру салтына талпынатынын көрсетті: тұрғындар үйіне жақын жерде жұмыс істегісі келеді, мейрамхана және өзге де қызмет түрлерін басқа аудандарға бармай-ақ, өздері тұратын маңнан алғысы келеді. Сондықтан ЕТЖ бүгінде қала құрылысы тұжырымдамасына кәсіби мамандардың ықпал ететінін құрылыс салушыға ұқтырады. Енді құрылыс салушы әкімдікпен не салғысы келетінін мұқият келісуі керек, соның арқасында мінгестіріп тұрғын үй салу тоқтайды», - деді урбанист. 

Оның айтуынша, бүгінде мегаполис қала құрылысы саясатына әсер ете бастайды. ЕТЖ-нің жаңа ережесі құрылыс салушылардан тұжырымдамалық жобалауға мүлде басқа көзқарасты талап етеді. Қаланың әр ауданындағы құрылыстың орамдық торына көптеген функционалды нысан кіреді, бұл жұмыспен қамту мен жұмыс орындарын құру мәселесін шешуге ықпал етеді.

«Бүгінде біз адам мамандық пен қызмет саласын тез өзгертуге мәжбүр болатын уақытта өмір сүріп жатырмыз. Бұл қала билігінен жұмыс орындарының қалай құрылатынын өте дәл әрі нақты тұжырымдауды талап етеді. ЕТЖ-да мәдени орталықтар, үлкен экологиялық өндірістік кеңістіктер мен кеңсе орталықтарының құрылысы қарастырылған, соның арқасында жұмыспен қамту 45%-дан кем болмайтындай деңгейде қамтамасыз етілуі мүмкін», - деп сөзін түйіндеді Святослав Мурунов.