Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады
Сурет: Egemen.kz

Экс-министр Қуандық Бишімбаев сот отырысында берген жауабында С. Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Шын мәнінде маған сөз сөйлеу өте қиын. Мен түсінем және ешқандай кешірімнен үміттенбеймін. Бірақ бұл - менің адамдық борышым. Мына жерде жәбірленушілер, оның (С. Нүкенова - ред.) туыстары, ата-анасы отыр. Шынымды айтсам, алғашында оның өлімін ой-санаммен қабылдау қиын болды», - деп бастады ол.

Сондай-ақ, ол бұл қазаның зардабын жан-дүниесімен сезінетінін айтты.

«Кешірім сұрағым келеді. Мен ешқандай кешірімнен дәметпеймін. Бірақ бұл - менің ішкі міндетім, жан-дүниемнің үндеуі. Мен бұл жоғалтудың салмағын бағамдаймын және оған қатысым бар екенін түсінемін. Бірінші айтқым келетіні осы», - деді Қуандық Бишімбаев.