«Крокус Сити Холлда» қаза тапқандар саны 115 болды

«Крокус Сити Холлда» қаза тапқандар саны 115  болды
Сурет: РИА Новости

Бұған дейін лаңкестік әрекеттен 93 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.

Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің соңғы мәліметі бойынша, "Крокус Сити Холлдағы" терактіде қаза тапқандар саны қазір 115 болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Іздеу жұмыстары жалғасуда. Марқұмдардың мәйіттерін төтенше жағдайлар қызметі үйінділерді тазалау кезінде тапқан.

«Ресей президенті Владимир Путинге 11 адамның ұсталғаны туралы хабарланды. Әңгіме Крокус Сити Холлдағы терактіге қатысқан 4 лаңкес туралы болып жатыр», деп мәлімдеді Кремльдің баспасөз қызметі.

Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьевтің айтуынша, көз жұмғандар саны әлі де көбеюі мүмкін.