Криштиану Роналду Еуропа футболына қайта оралмайды

Криштиану Роналду Еуропа футболына қайта оралмайды
Сурет: Astanatv.kz

Португалия құрамасы мен "Әл-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропа футболына қайта оралмайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Атақты аяқ доп шеберінің айтуынша, "есіктер жабылған".

"Мен еуропалық футболға қайта келмеймін. Есіктер жабылды. Қазір 38 жастамын, оның үстіне еуропалық футбол деңгейі қатты құлдырап кетті. Ең жақсы лига Англияда, ол басқаларынан әлдеқайда озық тұр", - деді Роналду.

Криштиану Роналду "Алтын допты" бес рет иеленген. Ол өзінің спорттық мансабында португалиялық "Спортинг", ағылшындық "Манчестер Юнайтед", испандық "Реал" мен италияндық "Ювентус" сапында өнер көрсетті. Чемпиондар лигасында бес рет топ жарып, үш рет Англияның, екі рет Испания мен Италияның чемпионы атанды.

Ол Португалия құрамасы сапында 2016 жылғы Еуропа чемпионатын, 2018 жылғы Ұлттар лигасын жеңіп алған.