Салықтан қандай көліктер босатылуы мүмкін?

Салықтан қандай көліктер босатылуы мүмкін?
Сурет: Қайрат Қоныспаев

Биыл жанармай бағасы 2 есе өсіп, көлік иелерінің шығыны артты.

Осыған байланысты жүргізушілерді қолдау шарасы қажет. Ұлттық экономика министрлігі жариялаған жаңа Салық саясатының консультативтік құжатында осылай жазылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ол әсіресе «эконом» класты көлігі бар адамдар үшін айтарлықтай сезіледі. Сәйкесінше олардың әлеуметтік және материалдық жағдайының нашарлауына жол бермеу шаралары қажет. Осыған байланысты қозғалтқыш көлемі үлкен автомобильдерге салынатын салықты сақтай отырып, қозғалтқыш көлемі аз көлік құралдарына салынатын салықты жою ұсынылады», - деп Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексінің консультативтік құжатында ұсыныс жазған.

Аталған шаралар 2024 жылдың қазан айында жаңа Салық кодексін қабылдау кезінде ескеріледі.