Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге материалдық көмек беріле бастады

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге материалдық көмек беріле бастады
Сурет: Gov.kz

Бұл мақсатқа бюджеттен тыс басқа ресурс көздерінен қаржы бөлініп жатыр.

Демеушілік көрсетіп, қайырымдылық жасап жатқандар көп. Екі күннің ішінде зардап шеккендерге 18 миллион тенге төленген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

183 адамға 100 мың тенгеден берілді. Материалдық көмекті алу үшін аудандық комиссияға өтініш беру қажет. Онда отбасы мүшелерінің санын, жеке есеп-шотын көрсету шарт.

«Өтемақы наурыздың 29-нан төлене бастады. Мысалы бір отбасыға бір миллион 900 мың берілді. Орташа есеппен әр отбасыға 500-600 мың тенгеден келіп отыр. Бұл қаржыны олар  бірінші кезекте тұрғын үй жалдауға, тұрмыстық қажеттіліктерін алуға пайдаланады», - дейді қаржы басқармасы басшысының орынбасары Алма Жүсіпова.