Су тасқынына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасында көлік жиналып қалды

Су тасқынына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасында көлік жиналып қалды
Cурет: ҰҚК

Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарында қалыптасқан күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарындағы көлік құралдарының қозғалысы шектелуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өз кезегінде ҰҚК Шекара қызметі шекараның осы учаскелеріндегі өткізу пункттерінің алдында кептелістердің пайда болуы туралы хабарлайды және қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс маршруттарын түзетуді ұсынады.