Коронавирустың жаңа түрі өршіп барады

Коронавирустың жаңа түрі өршіп барады
Сурет: Rbc.ru

АҚШ-та ковидтің «Eris» деп аталатын түрі тез тарап жатыр.

Соңғы аптада бұл вирусты жұқтырып ауруханаға түскендер саны күрт артқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Дәрілерлер ковид күзге қарай тіпті өршуі мүмкін деп дабыл қағып отыр. Ковидттің «Eris» деп аталатын түрі қазір АҚШ-тағы негізгі штаммдардың біріне айналды. Бұл – омикронның субварианты, өте жұқпалы саналады. Тамызда АҚШ-та тіркелген науқастардың бестін бірінен инфекцияның осы түрі анықталды.

«Соңғы бірнеше аптада індеттің өршігенін байқадық. Өзін жайсыз сезініп келген науқастардың көбінде КОВИД бар екені анықталды. Бұған дейін бізге келетіндердің орта есеппен 2-4% инфекция шықса, өткен аптада бұл көрсеткіш шамамен 12%-ға жетті», - дейді Лонг-айленд ауруханасының жедел жәрдем бөлімінің жетекшісі Фредерик Дэвис.

Вирус жұқтырып, ауруханаға келушілер көбейіп барады. Соңғы екі аптада орташа тәуліктік статистика 20 пайызға өскен. Жалпы елдегі эпид-ахуал күн суыған соң тіпті ушыуы мүмкін.

«Біз жағдайды бақылап отырмыз. Күзде індеттің таралуы белең алады. Себебі, ауа райы сутады. Балалар да мектепке орала бастады. Сондықтан эпид-ахуал алаңдатып отыр», - дейді Нью-йорк қалалық университеті эпидемиология кафедрасының профессоры Денис Наш.

АҚШ-тың ауруларды бақылау орталығы қазан айында ғана індеттің жаңа түріне төтеп беретін екпені шығаруға рұқсат беруі мүмкін. Ал дәрігерлер қазіргі вакциналар омикронның жаңа субвариантына толық қарсы тұра алмайды деп алаңдайды.