Коронавирустан емделіп жатқан 73 науқастың жағдайы өте ауыр

Коронавирустан емделіп жатқан 73 науқастың жағдайы өте ауыр
Cурет: Inform.kz

44 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр

Қазақстанда 16 қаңтардағы мәлімет бойынша 67 700 адам коронавирус инфекциясынан (66 048 КВИ+ және 1 652 КВИ-) ем алып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, емделіп жатқанардың ішінде 6 186 пациент стационарда, 61 514 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
253 адамның жағдайы ауыр,
78 пациенттің жағдайы өте ауыр,
44 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.