Коронавирустан емделіп жатқан 164 науқастың жағдайы өте ауыр

Коронавирустан емделіп жатқан 164 науқастың жағдайы өте ауыр
Cурет: Baq.kz

88 науқас жасанды тыныс алу аппаратында

31 қаңтардағы мәлімет бойынша, 151 727 адам коронавирустан (–150 383+ және 1 344 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Олардың ішінде 10 571 пациент стационарда, 141 156 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 406 адамның жағдайы ауыр,
• 164 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 88 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.