Коронавирус инфекциясына шалдыққан 22 адамның жағдайы ауыр

Коронавирус инфекциясына шалдыққан 22 адамның жағдайы ауыр
Сурет: Inform.kz

13 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 946 адам коронавирус инфекциясынан (947 КВИ+ және 999 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Олардың ішінде 191 пациент стационарда, 1 755 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 22 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.