Коронавирус бойынша бір тәуліктегі статистика жарияланды

Коронавирус бойынша бір тәуліктегі статистика жарияланды
Cурет: Egemen.kz

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус 7 адамнан анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 4, Шымкент қаласында – 0, Ақмола облысында – 1, Ақтөбе облысында 0, Алматы облысында - 0, Атырау облысында - 0, Шығыс Қазақстан облысында - 0, Жамбыл облысында - 0, Батыс Қазақстан облысында - 0, Қарағанды облысында - 0, Қостанай облысында -0, Қызылорда облысында -0, Маңғыстау облысында - 0, Павлодар облысында - 0, Солтүстік Қазақстан облысында - 0, Түркістан облысында - 0. Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 1 305 447 адамнан анықталды.