«Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы өтеді

«Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы өтеді
Сурет: 112.shymkent-mektebi.kz

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастырумен «Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы өтеді.

Байқау барысында тұлғалардың ғұмыры мен еңбектерін насихаттаудағы мәліметтер талданып, шығармашылық тұлғасы жан-жақты ашылатын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Байқау мақсаты: көрнекті тұлғалардың шығармашылық мұрасын дәріптеу, жастардың оқу, өзін-өзі дамыту белсенділігін арттырып, бірлікке, ұйымдастырушылыққа, патриоттыққа, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының 7, 8-сынып, қазақ бөлімі оқушылары қатысады. Конкурс қатысушыларын іріктеу және жеңімпаздарды анықтау қатарында сарапшылар, журналисттер және өнер қайраткерлері болады.

Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдар, алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Шара соңында әрбір қатысушы «Рухани көшбасшылардың галактикасына қосыла алам ба?» деген негізгі сұраққа жауап алуы керек.