Қорғаста жезөкшелер ошағы анықталды

Қорғаста жезөкшелер ошағы анықталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

«Қорғас» ШЫХО аумағының Қазақстан жағында 6 заңсыз ойын бизнесін және бір жезөкшелер ошағын ҚХР азаматтары ұйымдастырған. Аталған орындарды ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік департаменті сондай-ақ  облыстық полиция әрі шекара қызметімен бірлесе отырып жойды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz  Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Анықталғандай, астыртын ойын мекемелері түнгі уақытта шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда Қытай азаматтары үшін ғана жұмыс істеген. 

«Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдықтар, сондай-ақ 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат табылып тәркіленді» - делінген хабарламада. 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратылуға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.