Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті

Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті
Сурет: Gov.kz

Өзекті мәселелер қаралды.

Қорғаныс министрлігінде генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Отырысқа Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының өкілдері, Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылығы қатысты.

«Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов әскери доктринаны қайта қарау жөніндегі жұмыстың барысы туралы баяндады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында құжатты жаңарту қажет екендігін атап өткен», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Отырыс барысында аумақтық қорғанысты одан әрі дамыту шаралары, сондай-ақ қорғаныс саласындағы басқа да өзекті мәселелер қаралды.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері мен негізгі бағыттарын қарастыратын консультативтік-кеңесші орган екенін атап өткен жөн.