Қызыл кітапқа енгізілген сілеусін "Алтынемелде" видеоға түсіп қалған

Қызыл кітапқа енгізілген сілеусін "Алтынемелде" видеоға түсіп қалған
Сурет: Inform.kz

Сілеусін бір өзі емес, үш күшігімен жүрген

Оның видеосы "Алтынемел" ұлттық паркінің әлеуметтік парақшасында жарияланды. Видеода енесінің артынан сілеусіннің шамамен бір жастағы үш күшігінің еріп жүргенін көруге болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бұл - сирек кездесетін құбылыс. Әдетте, сілеусін екіден артық күшіктемейді. Ал бұл сілеусінде үшеу. Мұндай оқиға ұлттық саябақта сілеусін үшін қолайлы өмір сүру жағдайы бар екенін көрсетеді. Олардың негізгі азығы – сібір тау ешкісінің лағы мен жабайы қабанның баласы және сирек кездесетін кекіліктер», – делінген хабарламада.

«Алтынемел» – Алматы облысындағы Іле өзенінің алқабындағы мемлекеттік ұлттық табиғи парк.