Корей көрмесі

Алматы  қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қолдауымен Almaty Gallery-да отандық корей суретшілері мен олардың тарихи отанындағы әріптестерінің көрмесі  ашылды. «Бірлік» деп аталатын экспозицияда майлы және акварель бояуымен  салынған 60-тан астам картиналар бар.

Көрменің ашылуында фольклорлық-этнографиялық хор халық әндерін — корей, орыс және қазақ тілдерінде орындап шықты. Сондай-ақ, қонақтар корейлердің кішкентай барабандармен орындалған «Цогочу» халық биін тамашалады. «Өнер халықтар арасындағы барлық шекараларды жояды, меніңше мұндай шаралар біздің достығымызды нығайтады деп санаймын. Еліміздегі бас консулдарға халықтар арасындағы берік ынтымақтастықтар үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Біз барлық санитарлық нормаларға сәйкес көптеген іс-шаралар жүргізетін боламыз. Көрме келушілерге ұнайды деп сенеміз», — деді Алматы қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Корейдің дәстүрлі өнерінде табиғат әрқашан негізгі орынды иеленген, ал адам оның тәжі ретінде емес, осы үлкен әлемнің бір бөлігі  ретінде қабылданады. Дәл осындай философияны Корей Республикасының, еліміздің танымал суретшілері Ким Бу Сиг, Виктория Йой, Елена  Те, Квак Джин Кунг, Светлан Цой  еңбектері бейнеледі. Шара соңында көрмеге қатысушы  суретшілер   Алғыс хаттармен  марапатталып, қалың көпшіліктің ілтипатына ие болды.

Ақтолқын ТҰРЛЫҒАЗЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *