Қор нарығында доллар тағы да қымбаттап жатыр

Қор нарығында доллар тағы да қымбаттап жатыр
Сурет: 24.kz.

Бір доллар - 435, 76 теңге болды.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1, 04 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 435, 76 теңге.

Ұлттық банктің 10 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 434, 51 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 434, 50 теңге, сатып алу – 437,40 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 432,94 теңгеден болса, сатып алу құны – 435,24 теңге.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мамыр айында теңгенің нығая түскенін айтқан болатын.