Ұлттар лигасы: Қазақстан футболшылары Беларусь құрамасымен ойнайды

Ұлттар лигасы: Қазақстан футболшылары Беларусь құрамасымен ойнайды
Сурет: Egemen.kz

11 маусым Сербияның Нови-Сад қаласында Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Беларусь елінің футболшыларымен кездеседі.

Әзірбайжан (2:0) мен Словакияны (1:0) жеңген Магомед Адиев баптайтын қазақ футболшылары 6 ұпаймен өз тобында көш бастап тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Ал Беларусь құрамасы Словакиядан (0:1) жеңіліп, Әзірбайжанмен (0:0) тең түскен.

Айта кетсек, УЕФА шешімі бойынша Беларусь – Қазақстан матчы көрерменсіз өтеді.