Қор нарығында доллар қымбаттады

Қор нарығында доллар қымбаттады
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,26 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 445, 29 теңге.

Ұлттық банктің 4 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445,01 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,75 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 444,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 447,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443,5 теңге, сатып алу құны– 446,5 теңге.

Ресей рублі 4,69 – 4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.