Коммуналдық қызметтер құны көтеріледі

Коммуналдық қызметтер құны көтеріледі
Сурет: Alau.kz

Соған қарамастан, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті тарифтердің негізсіз өсуіне жол берілмейтінін айтуда.

Комитет мәліметінше, «қызыл аймақтағы» монополистердің 100%-ға жуығы инвестицияларды ұлғайтуға өтінім берген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бүгінгі таңда ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттерінде тозу деңгейі жоғары табиғи монополиялар субъектілерінің 71 өтінімі қаралуда. Ағымдағы айдың соңына дейін ТМС-тың тағы 5 өтінімі келіп түседі деп күтілуде», – делінген хабарламада.

Салалар бойынша жағдай мынадай:

жылумен жабдықтау: 10 өңірден 21 өтінім түсті (Алматы қ, ШҚО, СҚО, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Жамбыл, Абай облыстары), тағы 2 өтінім келіп түседі деп күтілуде (Павлодар, Жетісу облыстары)

электрмен жабдықтау: 13 өңірден 16 өтінім түсті (Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Жетісу облыстары, Алматы қ. және Алматы, Жамбыл, БҚО, СҚО, ШҚО және Абай облыстары)

сумен жабдықтау: 8 өңірден 13 өтінім түсті (Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, ШҚО, Абай, Ұлытау облыстары), тағы 1 өтінім келіп түседі деп күтілуде (Алматы облысы).

су бұру: 11 өңірден 21 өтінім түсті (Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай облыстары және Шымкент қ.) тағы 2 өтінімнің келіп түсуі күтілуде (Алматы, Түркістан облыстары).

«Белгілі бір тарифті өзгерту туралы шешім қабылдамас бұрын тұтынушылардың, жұртшылықтың, мәслихат депутаттарының, «Атамекен» ҰКП және БАҚ өкілдерінің қатысуымен жария тыңдаулар өткізіледі. Айтылған пікірлер тарифтерді қалыптастыру кезінде ескеріледі. Сонымен қатар, тарифтердің қалыптасуына әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы да әсер етеді, тарифтердің негізсіз өсуіне жол берілмейді, тариф халық үшін әділ және қолайлы болады», – деп мәлімдеді комитеттен.