«Көлсай Көлдері» ұлттық паркінің аумағында қандай туристік маршруттар жаңартылды

«Көлсай Көлдері» ұлттық паркінің аумағында қандай туристік маршруттар жаңартылды
almaty-akshamy.kz

«Көлсай Көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде абаттандыру жұмыстары аяқталды. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде «Көлсай Көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары Хамит Ахметов кеңірек айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Көлсай Көлдері» ұлттық паркі 2007 жылы Алматы облысының Кеген және Талғар аудандарының аумағында құрылған. Оның жалпы ауданы-161 045 мың гектар. Оның ішінде Кеген ауданы бойынша-148256, Талғар ауданы бойынша-12807 гектар. Ұлттық парк Таушелек, Құрмет, Көлсай, Қарабұлақ орманшылықтарынан тұрады.

«2023 жылдың басынан бері саябақ аумағында 99 топтық рейд жүргізілді. Тексеру нәтижесінде парк қызметкерлері демалушылар арасынан 47 бұзушылықты анықтап, оларға 405 375 теңге көлемінде айыппұл салынды. Залал сомасы 30 015 теңгені құрады», - деді Х. Ахметов.

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Саты ауылы - Қайыңды көлі» туристік бағытын абаттандыру кезінде қосымша жол белгілері, күркелер мен орындықтар орнатылды. Алматы облысының туризм басқармасының қаражаты есебінен бақылау алаңы, күрке-шатырлар, орындықтар мен көпірлер салынуда. Көлсай, Қайыңды көлдерінде 30 қоқыс жәшігі мен 16 үлкен қоқыс багы орнатылды.

«Төменгі Көлсай көлі-Сарыбұлақ асуы» туристік маршрутының сол жағалауында демеушілердің көмегімен ұзындығы 370 метр болатын жаяу жүргіншілер жолы салынды, олардың бойында орындықтар мен урналар орнатылды. Алматы облысының туризм басқармасының қаражаты есебінен Төменгі Көлсай көліне апаратын жаяу жүргіншілерге арналған айналма жол салынуда. 

Сонымен қатар, 2023 жылдың көктемінде барлығы 95 080 дана «Шренка» шыршасының көшеттері отырғызылды - 13,9 гектарға 55 600 көшет, тиісінше 9,87 гектар жерге 39 480 көшет отырғызылды. Көлсай орманшылығынан 0,06 гектар алқапқа шырша тұқымын себетін уақытша орман тұқымы учаскесі ұйымдастырылды. 2019-2023 жылдар аралығында 57,5 гектар алқапқа орман көшеттері отырғызылды.

«Туристік нысандарда 2 ағаш күрке (шатыр) орнатылды, Қайыңды көлінің жаяу жүргіншілер және ат жолының қоршаулары жаңартылды, осы нысандарда әктеп-сырлау жұмыстары жүргізілді. Ұлттық парк аумағында 10 санитарлық-гигиеналық қондырғы орналасқан, оның 4-уі Төменгі Көлсай көлінде, 2-уі Қайыңды көлінде жұмыс істейді», - деп жалғастырды спикер.

Ұлттық саябақтың аумағында сүтқоректілердің келесі түрлері мекендейді: бұғы (640), елік (397), Сібір тау ешкісі (584), қабан (646), арқар (26). Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың ішінде Тянь-Шань қоңыр аюы (22), қар барысы (18), Түркістан сілеусіні (64) мекендейді.

Ұлттық парк қызметкерлері мемлекеттік инспекторларды, елді мекендердің тұрғындарын, оқушыларды, ЖОО студенттерінің экологиялық сауатын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Ағымдағы жылы жоғары оқу орындары мен мектептерде 25 сабақ өткізілді. 

«Жыл сайын «Парктер шеруі»  акциясы өткізіледі. Биыл оған 9 мектептен 141 оқушы қатысты. Ұйымдастырылған конкурстардың қорытындысы бойынша 27 оқушы бағалы сыйлықтармен марапатталды, 12 оқушы ынталандыру грамоталарын алды. Халықаралық туризм күніне орай, 27 қыркүйекте мерекелік іс - шара ұйымдастырылды, оның барысында ұлттық парк аумағында туризм саласын дамытуға үлес қосқан жеке кәсіпкерлер марапатталды, ал мекеме қызметкерлері арасында спорттық волейболдан жарыстар өткізілді», - деп бөлісті спикер.

Оның деректері бойынша ұлттық парк штатында барлығы 126 адам жұмыс істейді: мемлекеттік инспекторлар - 111, оның ішінде: орманшылар - 4, орманшылардың көмекшілері - 2, орман шеберлері - 17, мемлекеттік инспекторлар - 71.

Ұлттық саябақтың аумағында туристік фирмалар үнемі жұмыс істейді. 9 туристік фирмамен келісімшарттар жасалды. 2022 жылы Ұлттық паркке 210 269 адам келді.