Көлік салығы бойынша қарызды мұрагер өтеуі қажет пе?

Көлік салығы бойынша қарызды мұрагер өтеуі қажет пе?
Сурет: ашық дереккөз

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары көлік салығына қатысты өзекті сұрақтардың біріне жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

"Автокөлікті өз атыма аударайын дегенмін, бұрынғы иесі қайтыс болған. Бұрынғы иесінің көлік салығы бойынша берешектері бар болып шықты. Көлік салығы бойынша қарызы мен өсімпұлды кім және қалай төлеуі керек?", – деген сауал жолданыпты Комитетке.

Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндіруінше, салық берешегін мұрагер (мұрагерлер) мұрагерлік мүліктің құны шегінде және оны алған күнгі мұрадағы үлеске сәйкес төлейді.

"Жеке тұлға қайтыс болған күні немесе оны соттың шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған күні пайда болған салық берешегі төленеді. Бұл жағдайда өсімпұлды есептеу жеке тұлғаның қайтыс болған күніне дейін жүргізіледі", – дейді МКК мамандары.