Көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Almaty-akshamy.kz

Әл-Фараби және Абай даңғылдарында уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Орташа жөндеу жұмыстарының аясында асфвльтбетон жабынын төсеуге байланысты 2 шілде сағ 23:00-ден 4 шілде 06:00 аралығында түнгі және күндізгі уақытта әл-Фараби даңғылының Рысқұлбеков көшесінен Дулати көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен шектеледі. Жол қозғалысы Асқаров, Торайғыров, Мұстафин және қайталама Саин көшесімен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, 3 шілде күнгі сағ23:00-ден 5 шілде сағ 06:00-ге дейін Абай даңғылының Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі. Жол қозғалысы Есенжанов, Сәтбаев, Брусиловский, Тұрғыт Озал көшелерімен ұйымдастырылады.

Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр. 

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.

Алматы қалалық мобилділік басқармасы