Көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Almaty-akshamy.kz

Әл-Фараби және Абай даңғылдарында уақытша көлік қозғалысының шектеледі

 

Орташа жөндеу жұмыстарының аясында асфвльтбетон жабынын төсеуге байланысты 1-3 шілде аралығында кешкі сағ. 22:00 мен таңғы 06:00-ге дейін түнгі уақытта Абай көшесінің Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігінде солтүстік бағытта көлік қозғалысы шектеледі. 

Батыс бағытта жол қозғалысы Абай даңғылының оңтүстік бөлігі бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар Қонаев көшесінің Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектелетін болады.

Асфальт жабынын төсеу жұмыстарына байланысты әл-Фараби даңғылының Розыбакиев көшесімен қиылысындағы жолайрықтың тоннель бөлігінде 28-30 маусым аралығында кешкі сағ. 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін түнгі уақытта көлік қозғалысы уақытша шектеледі. 

Көлік қозғалысы солтүстік және шығыс бағытта Қожабеков, Науаи және Гагарин көшелерімен ұйымдастырылады. 

Маңайдағы көшелерде көлік қозғалысы өзгеріссіз қалады.

Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.

Алматы қалалық мобильділік басқармасы