Қоқыс та кәдеге асады

Қоқыс та кәдеге асады
Сурет: Weforum.org

Алматыда 24 қыркүйекте қала күніне орай «Мусорги» эко-арт жобасы өтеді.

Жоба аясында 8 суретші куратор мен команда қатысатын көрме, акция өтіп, олар ескірген заттар мен қоқыстан жасалған кейіпкерлерді көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жоба қоршаған ортаның ластану мәселесіне баса назар аударып, қоқыс пен шамадан тыс тұтынудың ерекшелігі мен негізгі түйткілді анықтау мақсатында құрылған.

«Мусорги» көрмесі 30 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Панфилов көшесі, 101-дегі Dump Gallery галереясында өтеді

Өтетін күні мен орны: 24 қыркүйек 14:00, Панфилов көшесінің бойы ҚҰОБТ-дан Арбатқа дейінгі аралық.