Қызылордада жоғалып кеткен қыз Алматыдан табылды

Қызылордада жоғалып кеткен қыз Алматыдан табылды
Сурет: Polisia.kz

17 жастағы қыз бес күн бұрын жоғалған

Қызылордада жоғалып кеткен 17 жастағы қыз Алматыдан табылды, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 жастағы жасөспірім қыздың белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағандығы жөніндегі хабарлама 25 наурызда тіркелген болатын. Полиция қызметкерлері мен туыстары бірігіп іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жасөспірімнің Алматы қаласында екені анықталды. Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмаған қызды ата-анасына табыстау үшін Алматы қаласына іссапарға жіберілді.