Қызылорда облысының бес ауылдық округінде әкім сайлауы өтті

Қызылорда облысының бес ауылдық округінде әкім сайлауы өтті
almaty-akshamy.kz

Қызылорда облысы бойынша 5 ауылдық округте әкім сайлауы өтті. Олардың қатарында Арал ауданының Атанши, Қазалы ауданының Басықара, Сырдария ауданының Айдарлы, Шиелі ауданының Керделі, Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдары бар.

Аталған елдімекендерде сағат 7.00-ден №3, 82, 171, 298, 172, 254, 370 сайлау учаскесі ашылды. Әкім қызметіне ниетті азаматтардың басым бөлігі саяси науқанға өзін-өзі ұсыну тәртібімен түскен.

Ауылдық округте 246 сайлаушы тіркелсе, Басықарада 706, Айдарлыда 827, Керделіде 1687 сайлаушы бар. Ал, Қызылжарма ауылдық округінде 6297 сайлаушы тіркелген.

Жалпы алғанда, 5 ауылдың әкімі болуға ниетті барлығы 13 кандидат сайлауға түсті. Олардың 10-ы өзін-өзі ұсыну жолымен сайлауға түссе, 3 кандидат партия атынан ұсынылған.