Қытайда "омикрон" штамының жаңа түрі табылды

Қытайда "омикрон" штамының жаңа түрі табылды
Сурет: Inform.kz

Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында "омикрон" коронавирустық штамының жаңа ВА1.1 қосалқы түрі табылды.

Ол 28 наурызда COVID-19 жеңіл белгілері бар науқаста анықталды, содан кейін мамандар егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін қосымша зерттеулер жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК сілтеме жасап. 

Бұл түрдің "омикрон" штамының ВА.1.1-ден туындағаны атап өтілді. Аталған нұсқа Қытайдың басқа бөліктерінде де, әлемде де тіркелмеген.

COVID-19 жаңа вариациясын анықтау туралы тұжырымдар вирусологтардың бұрыннан бар геномдық деректер банкінде жоғары гомологиялық генетикалық тізбекті анықтай алмағаннан кейін пайда болды. Жаңа кіші түрлерін зерттейтін сарапшылардың бірі ұқсастықты 99 пайызға жоғары деп санауға болатындығын, алайда генетикалық реттілікпен нуклеотидтердің айтарлықтай айырмашылығы болуы мүмкін екенін атап өтті.