Велосипед алған адамға үстіне ақша қосып береді

Велосипед алған адамға үстіне ақша қосып береді
Сурет: Velomesto.com

Экологияға деген жанашырлық: мұндай ерекше бастаманы Испанияда қолға алған

Испаниядағы Валенсия қаласының кеңесі велосипед және самокат сатып алатын тұрғындарды «VLC Bike Bonus» бастамасы бойынша ынталандыруға дайын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Ереже бойынша, тұтынушы арнайы абонементке 50 еуро салады, ал мемлекет осы ақшаға үстемелеп тағы 50 еуро қосады. Мұндай жолмен тек қарапайым велосипед пен самокатты ғана емес, бұл көліктердің электрлі түрлерін алуға болады. Жалпы, бұл идея қала тұрғындарын экологиялық таза көлікті пайдалануға бет бұрғызуға арналған. Бұл экологиялық көлікпен байланысты жобаларға да септігін тигізеді. 50 еуро үстемені алу үшін тұтынушы арнайы сайтқа тіркеліп, жеке бас куәлігінің деректерін жазуы тиіс болады.