«Халық қатысатын бюджет» бойынша 16 жоба іске асырылды

«Халық қатысатын бюджет» бойынша 16 жоба іске асырылды
Сурет: Almaty.tv

Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы 2 кезеңмен өткізіледі (барлығы 1,6 млрд. теңге бөлінді, 1 кезең – 806 млн. тг, 2 кезең – 875 млн. тг.). 

Жалпы 34 жоба іске асырылады. 16 жобаны іске асыру аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтыі Әуезов ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде айтылды. 

Анықтама үшін: 10 жоба – қоғамдық кеңістіктерді жайластыру (1, 5, Таугүл шағын аудандары, Үлкен Алматы өзенінің жағалау аймағы), 6 – бос учаскелерді абаттандыру (9, 12, Ақсай-3Б, Ақсай-5, Мамыр шағын аудандары).

2 кезеңді іске асыруға 875 млн. теңге бөлінді, 18 жоба іріктелді (10 - қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, 8 - бос учаскелерді абаттандыру). Бүгінгі таңда конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары биылғы жылдың қазан айында басталып, қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.

 Ауданда адамдар көп жиналатын орындарда бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы аясында осы жылдың соңына дейін 800-ге (аула – 628, парктер мен скверлер - 153, білім беру объектілері – 21) жуық бейнекамера орнату жоспарлануда.