Кез болған соң кер заман

Қазаққа қарсы жасалған геноситтің таңбасы күнтізбеге басылып аталып келе жатқанына биыл 23 жыл. Арада аз уақыт өткен жоқ алайда, зулмат жылдың ақиқатын жетесіне жеткізіп көрсетін, ұғындыратын театрлар мен қойылымдар аз емес, солардың біріде бірегейі Алматы қаласы Мәденеиет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өткен  «Кез болған соң кер заман» атты музыкалық қойылымын ерекше атап өтуге болады.

 

Сахнада алтыбақан теуіп, ән салып жүрген көңілді жастармен басталған кешті  аяқ асты бұлқан талқанын шығарып екі милициянерлердің Үкілі Ыбырайды ала жөнеліп, әп-сәтте қара түннің құшағына  сіңіп жоғалғандығы көрермен қауымды бір сілкіндірді .

Бұнымен қоса  шарадан халқымыздың XX ғасырда қасиетті жылдарынан гөрі қасіретті жылдары көп болғандығын оның ішінде алапат аштық , жазықсыз атылған  алаш ұлдарының ұрпақтары жайлы естеліктер көпшілікті толғандырып,  тамашалап отырған әр бір адамның бойына ұлттық намысын, жігерін оятты. Кешегі зулмат жылдар миллиондаған өмірді гүлдей солдырып , артында қалған халықтың  жүрегіне жара салғандығын  театр өнерінің талантты артистері жоғарды деңгейде көрсете білді.

 Құдықтан су іше ме, бұлақ тұрып,

Қоштасқан жерім мынау амалсыздан,

Сұлубай елін қимай жылап тұрып.

Шіңгілдің бойы көк жасаң, Көреміз елді, біз қашан?!

 

Ерлан Төлеутай, өнертанушы:

Ерлікке арналған ерекше қойылым

Қандай азалы көш… қатал кезең… шерлі жүрек әні, бұл! Сұлубай тағдыр тәлкегіне түскен елімен жылай қоштасып қана қала бермеді. Күреске шығады. Бір шайқаста ол ер жүрек серіктерін бастап барып, Ағашоба деген жерде бір шоқыны басып алып, бекініп жатқан гоминдандықтардың тас-талқанын шығарады. Содан Дөңді маңында болған кескілескен ұрыста жау оғынан мерт болады.Осының барлығы дерлік ешқайсы бүкпесіз айтылды, көрсетілді ешбірі тасада қалмай айтылды. Осы орайда керемет кешті ұйымдастырушы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұжымына ерекше алғысымды білдіремін, елім үшін деген ерлеріміздің, ерлік істері насихатталып, ұрпақтарға үлкен үлгі өнеге болды.

 

Еркін Шүкімән, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

Өткеннен сабақ алу – өте қажетті іс        

Өркениетті қоғамға қадам басқалы тұрған  ел үшін ел басынан өткен ауыр нәубет жылдардың оқиғаларынан сабақ алу – өте қажетті іс. Елбасының жарлығымен 31 мамыр саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жариялануы – ұрпақ мойнына жүктелер парызға деген адамдықтың жарқын көрінісі.

Елбасы өз сөзінде: «Аға буын ұрпақтың тарихы мен олардың тәлкекке толы тағдыры туралы жадымызда сақтау – біздің адамгершілік парызымыз және осынау сұмдықтың қайталануына біздің ешқашан жол бермейтіндігіміздің кепілі. Бұл біз үшін аса маңызды тарихи сабақ және біз оны әрдайым есімізде сақтауға тиіспіз» деген болатын.

Алдағы уақытта ұлттық санамызды жаңғыртып, тарихымызды тануға жол ашатын осындай жұмыстар жалғаса береді. Бүгінгі еске алу күнінде ұлт мұраты жолында өмірін қиған және ашаршылықтың құрбаны болған жандардың жатқан жерлері жарық болсын деп тілейміз. Енді ешқашан мұндай қайғылы оқиғалар қайталанбасын деп тілейміз.

 

Әзірлеген Ақтолқын ТҰРЛЫҒАЗЫ

 

 

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *