Кеше қанша адамнан коронавирус анықталғаны белгілі болды

Кеше қанша адамнан коронавирус анықталғаны белгілі болды
Сурет: Ашық дереккөз

Барлығы 786 науқас ем қабылдап жатыр

Өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясына – 94, коронавирус белгілері бар пневмонияға 13 адам шалдықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазіргі уақытта коронавирустан – 615 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 171 (КВИ), барлығы 786 науқас ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 112 пациент стационарда, 674 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 7 адамның жағдайы ауыр,

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, мұның алдындағы бір тәулікте коронавирус - 83, коронавирус пневмониясы 6 адамнан анықталған болатын.